«Биылғы жылдың маусым айында Үкіметте тұжырымдаманы бекітіп, одан кейін кодекстің өзін пысықтайтын боламыз», - деді Ә.Исекешев. Оның айтуынша, «Жер қойнауы туралы» Кодексті қабылдау 2016 жылға жоспарланып отыр, деп хабарланған ҚР Премьер-министрінің ресми порталында. Ведомство басшысы құжаттың заңнамалық базасы Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы елдерінің стандаттарына сәйкес келетінін атап өтті. «Австралия, Канада елдерінде көрініс берген алдыңғы қатарлы тәжірибиелер бар. Біздің кодексіміздің дамыған елдердің талаптарына сәйкес келгенін қалаймыз. Мысалы, жеңілдетілген тәртіп бойынша барлау келісімдеріне келу мерзімдері 3 күнге дейін қысқартылады», - деп нақтылады ҚР ИДМ-нің басшысы.
13:13, 18 Наурыз 2015
«Жер қойнаулары туралы» Кодекс тұжырымдамасын жылдың ортасында бекіту жоспарланып отыр - Ә.Исекешев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының «Жер қойнаулары туралы» Кодексінің тұжырымдамасын 2015 жылдың ортасында бекіту жоспарланып отыр, деп хабарлады бүгін «Тау-кен саласындағы инвестициялар мен инновацияларды ілгерілету» атты VI тау-кен өнеркәсібі форумында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.