«Мемлекет басшысының жер қойнауы учаскелерін тексеру тапсырмасы аясында тиісті іс-шаралар атқарылды. Ұзақ уақыт бойы келісімшарт міндеттемелері орындалмай, жүйелі түрде талаптарды бұзу деректері бар 27 келісімшарт қаралды. Осы орайда 12 келісімшарттың күші жойылып, 9 келісімшарт бойынша 1,8 млрд теңге сомасындағы берешек төленді. Сонымен қатар, 6 келісімшарт аясында тиісті жұмыс жалғасатып жатыр», - деді А. Хасенов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Бұл тұрғыда ол мемлекетке қайтарылған жер қойнауы учаскелері инвестициялар тарту үшін аукционға қайта шығарылатынын айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қазіргі кезде елімізде көмірсутектер бойынша 276 келісімшарт қамтылған.
Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» және «Лукойл» компанияларының ынтымақтастығына қатысты пікір білдірді.