"Қазіргі кезде жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қызметі ІТ қалыпқа көшірілгендіктен, жыл аяғына дейін сатып алудың ашықтығы мәселесі шешімін табуы тиіс. Егер естеріңізде болса, бұған дейін де сатып алудың ережесі болған. Бірақ санкциялар болмаған еді. Егер бұған дейін жер қойнауын пайдаланушылар бұндай ережені өрескел бұзып келсе, ендігі жерде жаңа санкция бұл мәселені шешуге ықпал жасай алады»,- деді Ж.Нұрбеков.
Оның айтуынша, ақпараттық технологиялар арқылы сатып алуды ұйымдастыру көптеген компанияларға сатып алу туралы барлық қаттамаларды көруге мүмкіндік берді. «Бізге қазірдің өзінде жер қойнауын пайдаланушылардан шағымдар түсіп жатыр.Оларға назар аударылуда.Жер қойнауын пайдаланушылар да бізбен келіседі. Алайда ережені бұзғандарды ресми «жазалау» келесі жылдың ақпан айында жүргізілетіндіктен, қорытындылар да тек келесі жылы шығарылады», -деді Ж.Нұрбеков.