Аталған заң жобасын ел Үкіметі ағымдағы жылдың қаңтар айында дайындап, Мәжіліс қарауына енгізген болатын. Сол уақыттан бері заң жобасы кеңінен талқылану үстінде. Жұмыс тобының 24 отырысы өтіп, онда Мәжіліс депутаттары, тұрақты комитеттер және заңнама бөлімі 600-ден астам ұсыныстар мен ескертулер жасады. Жалпы, бұл заң жобасы жер қойнауын пайдаланушылар құқығын беру процедурасын жеңілдетуге бағытталған.
Атап айтқанда, заң жобасында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың міндетті сараптамасын 60 пайызға қысқарту, жер қойнауын пайдаланушылар, аукцион негізінде жеңілдетілген процедурамен құқық беру, теңіз ортасын мұнаймен ластануының алдын алу мәселелерін регламенттеу сынды мәселелер қарастырылған.