Агенттіктің мәлеметінше, бұл құжатта республиканың жер қорын пайдалану және қорғау, жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын сақтау және көтеру жөнінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізудің мемлекеттік басымдылықтарының бірегейлігі атп өтілді.
Осы меморандумға Агенттік төрағасы Қ. Отаров пен Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашев қол қойды.
Тараптар Агенттіктің аумақтық жер инспекцияларының және Алматы қаласы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бірінші басшыларының кандидатураларын тағайындауды өзара келісу, іс-шараларды әзірлеу, жер ресурстарын басқарудың қазіргі заманауи түрлері мен әдістерін енгізу бойынша ықпал жасау, пайдаланылмайтын және иесіз қалған жерлерді анықтау және оларды мемлекет меншігіне қайтару, оның ішінде мемлекеттік мұқтаждық үшін алып қою жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу, тағы басқа да жер қатынастарын реттеу саласы бойынша іс - шараларды бірлесіп жүргізуге келісті.