Әскери зерттеулерге арналған ғарыш аппараты бар "Рокот" зымырантасығышы 1 ақпан күні Мәскеу уақыты бойынша 17.00 сағатта Плесецк ғарыш алаңынан ұшырылған болатын. Алайда, ғарыш аппараты РФ аумағындағы радио-бақылау аймағына белгіленген уақытта шыққан жоқ.
Көп кешікпей жер серігін американдық бақылау құралдары анықтап, оның тіркелген параметрлері есептегеннен анағұрлым өзгеше екендігін байқаған. Ресей ғарыш айлағында ғарыш аппаратының орбитадағы параметрлерін анықтау, сөйтіп, онымен байланыс орнату іс шараларын қалпына келтіруде екендіктерін мәлімдеді.