Өткен түнде олардың шағын желкенді кемесі Үнді мұхитында Маврикий аралының солтүстік-шығысында жартасқа соғылды. Экипаж қираған кемені тастауға мәжбүр болды.
Көмек күткен Шкипер Крис Николсон және оның командасы сол маңдағы шағын аралға тығылды. Тек бірнеше сағаттан соң ғана оларды алып кетудің сәті түсті.
Оқыс оқиғаға дейін Vestas Wind екінші кезеңде төртінші орында келе жатқан еді. Әзірше бірінші кезеңде озып шыққан "Әбу-Даби" желкенді кемесінің командасы көш тізгінін бермей келеді, деп хабарлайды euronews.