Еске сала кетсек, жерді айналып ұшу саяхатын С.Салиев Mooney Ovation-2 бір моторлы ұшағымен жалғастыруда. Ол жер шарын 50 күнде айналып шығуды жоспарлауда. Онымен бірге штурман ретінде 72 жастағы литвалық Йонас Жукнус бар, ол 2012 жылы Жер шарын айналып ұшып өткен. Екі саяхатшы Бішкекте 25 тамызда ұшып шыққан болатын.
С.Сәлиев әлеуметтік желідегі парақшасында Суданның Донгола қаласындағы әуеайлағынан Нигерияға ұшып шыққаны туралы жазды. Олар тоғыз сағаттан кейін Нигерияның солтүстігіндегі Кано қаласындағы әуежайға келіп жетті.
«Бұдан соң біз Кот-д'Ивуардың Абиджан қаласына жеттік. Бұл төрт аралда орналасқан әсем қала. Қазір онда «қыс». Жылдың ең салқын кезі. Далада ылғалды, 30 градус шамасында жылы. Алдымызда ең қиын бағдар жатыр, ол Атлант мұхитын кесіп ұшу. Әзірге мұхит үстіндегі жазғы ауа райын күтіп жатырмыз», - деп жазды С.Сәлиев.