Жер шарын жүзіп өтпек болған американдық қыз мұхитта жоғалып кетті

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Қаңтар айында жеке өзі жер шарын жүзіп өтуге бел буған 16 жасар америкалық жас қыз Эбби Сандерлендпен байланыс бейсенбі күні үзіліп кетті,

деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі америкалық телеарна АВС-ға сілтеме жасай отыры.

Үнді мұхитында жүрген Сандерлендпен ең соңғы байланыс бейсенбі күні Гринвич уақыты бойынша сағат 13.00-де тіркелген. Саяхатты қамтамасыз етіп отырған команда мүшесімен болған телефон байланысынан кейін қыз қиындыққа тап болғаны туралы белгі берген.

Сандерленд соңғы рет байланысқа шыққан ауданға екі құтқаруы қайығы аттанды.