Жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ — ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ командалық орталығының жедел штабында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен бейнеконференц-байланыс жүргізілді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында өңірлердегі жағдай талқыланды.

— ҚР ТЖМ күштері мен құралдары оқыс жағдайға толық дайын. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ мониторингті жалғастырып, өңірлермен тұрақты байланыс орнатты. Азаматтардан сабыр сақтауды және ресми ақпарат көздерінен хабардар болуды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің оңтүстік аймағында жер сілкінісі тіркелгені туралы жаздық

Осыған байланысты жедел штаб құрылды.

Сондай-ақ Қырғызстанда болған жер сілкінісі Өзбекстанның 5 өңірінде сезілді.