«Бұл норма заңнама талаптарын бұзып немесе мақсатты пайдаланылмаған жерлер сот шешімімен тәркілеу туралы күшіне енген күннен бастап үш жыл бойы аталған тұлғаларға жаңа жер телімдері берілмейді», - деді бүгін Сенат депутаттарының қатысуымен жер заңнамасы мәселелеріне арналған жиында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.
Белгілі болғандай, аталған реестр орталықтандырылған түрде жүргізіледі.
Министрлік мәліметтері бойынша еліміз аумағында жерлерді түгендеу барысында 5 млн. гектар аумақта 12 мың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері анықталды. Оның 669,6 гектары жыртылған жер, 14,6 мың гектары суармалы егістер. Пайдаланылмай келген жерлердің негізгі бөлігі, яғни 2,5 млн. гектары шаруа және фермерлік қожалықтарға тиесілі.