Жер телімін заңсыз иелену мүмкін болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғарыш спутниктері Қазақстанда жер телімдерін заңсыз иемдену көрсеткішін 6 есеге азайтты.

Бұл туралы алқа мәжілісінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер учаскелерін заңсыз түрде жаппай басып алуға жол бермеу маңызды. Осы жұмыстарға біз ғарыштық жер серіктерін жұмылдырдық. Мобильдік топтар құрылып, ғарыштан жіберілетін суреттермен қамтамасыз еттік. Бүгінде жерді басып алу көрсеткіші  2,5 мыңнан 400-ге дейін азайды. Біздіңше, жартыжылдықтың соңына дейін бұндай жағдайлар енді болмайды»,-деді Кравченко.

Келесі кезеңде жерді заңсыз иеленуді анықтайтын автоматтандырылған жүйені құруға негізделген.

«Ол үшін жер серігі жіберетін суреттерді жер кадастры базасымен ықпалдастыру қажет. Бұл шаралар жердің әрбір телімі мен метрі көрінуі үшін қажет. Ауыл шаруашылығы министрлінің Жер кодексі бойынша үлкен жұмысына қосылдық.  Оған түзетулерді тұжырымдадық, осы орайда бақылау мүмкіндіктерін және пайдаланылмайтын жерлерді қайтаруды жеңілдететін боламыз. Бұл тәртіп көктем мен жаз кезінде жұмыс істеуіне талпынудамыз, себебі осы мерзімде құқық бұзушылардың белсенділігі артады»,-деді ол.