Жыл басынан бері облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы жер учаскелерін пайдаланбаған (игермеген) немесе жерді заңнаманы бұза отырып пайдаланған тұлғалардың жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою жөнінде сотқа 17 талап-арыз беріліп,
13-і бойынша сот шешімі қабылданды.
Нәтижесінде 2705,8 гектарды құрайтын 11 жер учаскесі мәжбүрлеп алынды. 2 іс қанағаттандырусыз қалдырылса, 4 іс қазіргі таңда қаралып жатыр.
Тағы бір еске салып өтсек, Елбасы өзінің Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамында жер пайдалануға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Ондағы 35-қадамда ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу мәселесін көтерді. Сондай-ақ, жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізуді тапсырды. Ал 36-қадамда: Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдету, ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу, сонымен бірге барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру керектігін айтты.