Жер үйдің мұржасын бір қыста неше рет тазарту керек – маман кеңесі

Фото: Павлодар облыстық ТЖД

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Бабаев жер үйдегі пеш мұржасын бір қыста неше рет тазарту керектігін айтты.

– Жалпы мұржаны жылыту маусымы басталар кезде тазартып, дайындап қою керек. Ал жылыту маусымының кезеңінде кемінде үш рет тазартуды ұсынамыз. Одан кем болмау керек. Себебі өрттердің кейбірі осы мұржаның ақауынан шығып жатады. Сондай-ақ көмірқышқыл газына улану фактілері мұржаның бітелуінен болып жатады, - деді ол.

Айтуынша, Астанада күн суытқаннан бері ыс тию фактілері жиілеген.

– Күннің күрт суытуына байланысты көмірқышқыл газына улану фактілері орын алып жатыр. Мұржаның бітелуі, пеш қабырғасының жарылуы салдарынан улы газ тарайды. Осыған байланысты пештің техникалық жағдайына баса мән берген жөн, - деді маман.

Еске салсақ, екі күн бұрын Астанадағы «Гамма» тұрғын үй кешенінен өрт шыққан болатын.