«Нұрлы жер» бағдарламасының негізгі курсы жеке тұрғын үй құрылысын қолдауға бағытталады. Азаматтарға жеке тұрғын үй салу үшін инженерлік инфрақұрылымы дайын тұрған жер телімдері берілмек. Яғни, мемлекет инфрақұрылымды тартуды өз мойнына алады», - деді комитет төрағасы.
Мемлекет бұл міндетін орындау үшін жыл сайын мемлекеттік бюджеттен шамамен 80 млрд. теңге алып отырады.
«Инженерлік коммуникацияларды тарту үшін жыл сайын 80 млрд. теңге тартылады деп көзделген. Биыл 83,5 млрд. теңге бөлінген. 2017 жылдан бастап облыс орталықтарында жеке тұрғын үйлерді салу ілкі жоба ретінде іске қосылады», - деді Жайымбетов.