Жер және мүлік салығын төлеу үшін нені білу керек

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2018 жылға арналған мүлік және жеке тұлғалардың жер салығын төлеу мерзімі 1 қазаннан басталады. Алматыдағы Мемлекеттік кірістер департаменті оны төлеуден бұрын нені білу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мүлік салығын төлеушілер: мүлік, жер, тұрғын үй, ғимараттар,саяжайлар, гараждар, көлік салықтары жеке тұлғаларға салынады.

Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «ХалықҚазақарманы», «Қазақстан Еңбек Ері» атағына ие болғандар, «Отан» орденіменмарапатталғандар, көп балалы аналар, «Алтын алқа» игерлері және жалғыз тұратын зейнеткерлер мүлік салығын төлеуден босатылады.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріжәне оларға теңестірілген адамдар, соғыс жылдарындағы тылда қызмет еткендер және мінсіз әскери қызметіүшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандар, сондай-ақ,1941 жылдың 22 маусымнан 1945 жылдың 9 мамырына дейін тылда кемінде алты айжұмыс істегендер, тылдағы жақсы әскериқызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғанадамдар, мүгедектер салық төлмейді.

Бұл, тізімге 18 жасқа дейінгі жетімдер және ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған балалар да кіреді.

Жеке кәсіпкерлік қызметте тұрғын үйлер мен өзге деобъектілерді қоспағанда салынатын салық, кодекстің 529-бабына сәйкес анықталадыжәне салық органдары осы кодекстің 532-бабына сәйкес есептейді.

Салық ставкаларымүлік салығы жеке тұлғаларға кодекстің 529-бабына сәйкес объектілерініңқұнына байланысты есептеліп салынады.

Сондай-ақ, www.kgd.gov.kz және www.egov.kz электрондық үкімет порталында «Салық қарызының болмауы(болуы) туралы ақпарат» беретін электрондық қызмет енгізілді, ол сізге ЖСНбойынша салық қарызы туралы мәліметті онлайн-режимде алуға мүмкіндікбереді

Соңғы жаңалықтар