Жер жұмыстарын жүргізу кезінде ордың бекітілмеген қабырғасы құлап 1 жұмысшы қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді

ТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Жер жұмыстарын жүргізу кезінде ордың бекітілмеген қабырғасы құлап 1 жұмысшы қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты Қалқалман шағынауданында жер жұмыстарын жүргізу кезінде ордың бекітілмеген қабырғасы құлап кетті. Оқиға салдарынан «Авангард» ЖШС-нің 52 жастағы жұмысшысы сол жерде қаза тауып, тағы бір жұмысшы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.