Бұл туралы Ресей ТЖМ Амур құтқару орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
«Сенбі күні Ресей ТЖМ Амур құтқару орталығының құтқарушылар тобы пиротехникалық және жару жұмыстары арқылы Приморье өлкесіндегі Воздвиженка стансасы мен Степное елді мекені арасындағы егістіктен табылған жарықшақты-фугасты авиациялық бомбаны залалсыздандырды»,-делінген хабарламада.
Авиабомбаны жою үшін мамандар бастырма оқтамды тротилді пайдаланған. Бұл жерде бұрын әскери полигон болған.
Оқ-дәрі табылған аумақ қоршалып, полиция жасағы қойылды.
Жергілікті тұрғындарға қауіпті зат туралы хабарланып, сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.