Париж соты фото суреттерді актердің рұқсатынсыз жариялау оның жеке өміріне қол сұғушылық екенін мойындады. Сот Депардьенің пайдасына журналдан 8 мың еуроға өндіріп алу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, апталық журнал оның қасындағы әйелге 10 мың еуро төлейтін болды.
22:35, 19 Қараша 2014
Жерар Депардье жас әйелмен түскен суреттерді жариялағаны үшін апталық журналды сотқа беріп, «жеңіп» шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал актер Жерар Депардье Италияда жағажайында жас әйелмен түскен суреттерді жарияланғаны үшін VSD апталық француз журналына сотқа беріп, өз құқығын қорғап шықты. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.