Өткен аптада Кюсю аралында болған екі қуатты жер сілкінісі кем дегенде 42 адамның өмірін қиды.
Жапониялық метеорологиялық агенттік алдағы күндері жаңа жерасты дүмпулері болуы мүмкін екенін ескертті.
Жапониялық Қызыл крест өкілдері Би-би-си агенттігіне уақытша паналарға қосымша ақ халаттылар командаларын бағыттап жатқанын хабарлады.
Жапониядағы жер сілкіністері салдарынан мыңнан астам адам жапа шекті, көптеген ғимараттар, жолдар мен көпірлер қирады.
Ең кемі 11 адам із-түзсіз жоғалған болып саналады.