Жердегі ең бақытты халық - финдер

None
АСТАНА. Қазанның  30-ы.   ҚазАқпарат -   Британдық Legatum   орталық    жыл сайынғы «бақыт  рейтингін»    таныстырды,  деп  хабарлайды   Utro.ru сайты.

 Бұл  жолы әлемдегі ең бақытты жандар - финдер,  ал  ең  бақытсыздар  Йемен, Судан және  Зимбабве  тұрғындары  болып шықты.

 Legatum    халықтың материалдық      әл-ауқаты,  өмір сүру сапасы,  білімі,  жеке еркіндігі   және қауіпсіздік  сияқты    бақытты өмірдің  79 көрсеткішін негізге  алып, «бақыттылар  рейтингін»    жасап  отыр.    Рейтингте барлығы 104  ел қамтылған.

 Алғашқы ондыққа   қалыптасқан   дәстүр    бойынша    скандинавтар, атап  айтқанда, норвегтер,    даниялықтар,  шведтер,     швейцарлықтар, сондай-ақ    Жасыл құрлық   тұрғындары кіріп отыр.