Ғалымның пайымынша, бұл жылдарда ауаның орташа температурасы 1,5-2 градусқа дейін төмендейді. Ол, сонымен қатар, ауа райының суытуы тұрғындардың денсаулық жағдайларына кері әсер етпейтінін, мұны жан-жануарлардың да жақсы көтере алатынын айтып, жұртты бекерге алаңдамауға шақырады.
Мельников ерте замандарда күн қабағының бұлайша күрт суытуының талай рет орасан зор апатқа алып барғанын, себебі, ол кезде адамдардың суықтан қорғана алатын қабілеттері мен жағдайлары болмағанын атап өтеді. «Ертедегі дәуірлерде мұндай суықтардан жан-жануарлар түр-түрімен қырылып кеткен. Алайда, ол кездері ауаның төмендеуі тұтас бір территорияларды қамтып, циклдер барынша ұзаққа созылып тұрған. Ал бұл жолы ол тап мұндай ауқымды уақыт аралығын алмайды», - дейді ол.