Жерді тиімді пайдаланбайтындар оны қайтаруы керек - Құмар Ақсақалов

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов депутаттар алдында есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да тиімді пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігінеқайтарылады. Депутаттар алдында есепберген облыс әкімінің айтуынша, тексеру нәтижесінен кейін 2015 жылдан бері662,5 мың га алқаптағы учаскелер басқаларға берілген. Егістікке бейжай қарағаншаруалар салдарынан төмен өнім алады. Жерді күтіп-баптамағаннан кейін оныңқұнары жойылады.

«Шағала агро» ЖШС мен «Крахмал агро» ЖШС-нің егісалқаптарының аумағы бірдей, 7 мың гектардан. Алайда, «Шағала агро» әр гектардан - 35центнер алса, екіншісінің өнімі одан 33%-ке төмен. Соның салдарынан еңбекақыдада үлкен айырмашылық бар, түсетін салық та аз», - дейді Құмар Ақсақалов.

СҚО-да 287 шаруашылыққа потенциалын анықтау мақсатындасараптама жасалып, олар үздік-орташа-артта қалған қағидаты бойынша 3 санатқабөлінді. Бірінші санатқа 7 кәсіпорын жеті көрсеткіш бойынша енген. Бұл жердежоғары еңбекақы, ірі сүт-тауарлы ферманың, бордақылау алаңының және ірі қараныңболуы, дәнді дақылдардан жоғары өнімділік, техниканы жаңартып отыруы жәнеауылдың әлеуметтік дамуына үлес қосуы есепке алынды.

Үздіктердің қатарына «Дайындық Агро», «Иван Зенченко»,«Тайынша-Астық», «Ноғайбай», «Заградовское», «Прометей Агро» ЖШС-тері және«Зенченко и К» КС-і енді. Орташа көрсеткіші бар шаруашылықтардың саны - 64 болса,артта қалғандар – 194.

Артта қалған шаруашылықтардың иелігінде қазір 1,7 млн гаалқап бар. Олар әр гектардан 10 центнерге жетпейтін өнім алады. Мемлекет қолдаукөрсетіп, субсидия бергенімен, олардан, әзірше, қайтарым жоқ.

«Біз бұл шаруашылықтардың санын кеміту үшін жұмысістейміз. Өнімділікті арттыратын болсақ, оның нәтижесін әр жұмысшы көретінболады. Әсіресе көш соңында жүргендер жағдайды дұрыстауға тырысуы керек. Әршаруашылық басшысына, аудан әкімдеріне міндет қойылды», - деді өңір басшысы.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, Президент агроөнеркәсіптіккешенді дамыту бойынша нақты мақсаттарды белгіледі. Соның негізгілері экспорткөлемін 2,5 есе ұлғайтып, ауыл шаруашылығы саласындағы өнімділікті арттыру.

«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады» деп қорытындылады өз сөзін облысәкімі.


Соңғы жаңалықтар