Жерді жердің сырын, қадірін білетін шаруалар алуы керек - Б.Тілеухан
«Жер алынғаннан соң ол бірінен екіншісінің қолына кетіп қалмауы керек. Қазіргі өзекті мәселенің бірі - иесі болып, пайдаланылмай жатқан жерлер. Ондай жерлер көп», - деді Б. Тілеухан.
Оның айтуына қарағанда, қазақты жерге баулу мәселесі де өзекті. Бұл ретте депутат ауыл шаруашылығы кенжелеп қалған батыстағы аймақтан, жер құнары жақсы өңірлерге қарай халықты аудару мәселесін де алға тартты. «Бұл жерді пайдалану саясатының өзегі болса, нұр үстіне нұр болатын еді. Өйткені, мұндай қадамдар арқылы тұтастай өңірлердің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, саяси мәселелерді шешуге болады.
«Құнарлы жерлер жергілікті халықтың қолында болуы керек. Қаражат мәселесіне келсек, онда ұжымдық негіздегі агрофирмалар құрылса игі еді. Әрине, мұнда ешқандай да мәжбүрлік деген болмауы керек. Бұған дейін айтылып жүрген ауыл шаруашылығы банкін құру сұрағы әлі де өзекті», - деді Б. Тілеухан.