Бұл туралы ол бүгін BNews.kz порталында өткен интернет-конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда аталмыш мәселені Үкімет реттейді. «Үкімет қаржы министрлігі және басқа да құрылымдар арқылы мәселені реттегенше біршама уақыт өтеді. Ал жергілікті атқарушы органдар базалық ставканың мөлшерін нарықтағы бағаның деңгейіне қарай жедел өзгерте алады. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Өйткені бұл ұсынысты қазір Үкіметтің өзі де қолдап отыр. Оған қатысты заң жобасы қазір мәжілістің қарауында», деді агенттік төрағасының орынбасары.
Сондай-ақ оның сөзінше, бүгінде Алматы мен Астана қалаларында және облыс орталықтарында жерге деген баға тұрақты. Нақтырақ айтқанда, осы уақытқа дейін жердің нарықтық бағасы кадастр бағасынан айтарлықтай төмен болатын. «Қазір оның екеуі де бір-бірімен теңесті», деді Қ.Райымбеков.