Жердің бойы ең қысқа ергежейлі тұрғыны анықталды

None
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - 72 жастағы Непал тұрғыны Чандра Бахадур Данги бақылаудың бүкіл тарихында  жердің бойы ең қысқа ерегежейлі ересек тұрғыны деп ресми танылды,

 деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Оның бойы - 54 сантиметр. Дангидің бойын Непалдың астанасы - Катмандуда Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері өлшеді. Нәтижесінде ол 1955 жылдан бергі рекордтар кітабы тіркеген ең кішкентай адам болып шықты.