Жердің ең қарт тұрғыны дүниеден өтті

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Жердің ең қарт тұрғыны - американдық Юнис Сэнборн Техас штатында 114 жасында дүниеден өтті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Кейуананың туыстарының айтуынша, ол Джексонвилл қаласында өз үйінде көз жұмған.

АҚШ геронтологиялық зерттеулер институтының тізімінде ендігі ұзақ жасаған кейуана Теннесси штатында тұратын американдық Бесси Купер тұр. Ол өзінен алдындағы ең қарт кейуанадан 37 күн ғана кіші көрінеді.