Уолтер Бренинг Жер бетіндегі ең қарт ер азамат саналады. Сондықтан да, оны осынау кезекті туған күнімен тек Монтана губернаторы ғана емес, Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері де құттықтады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Қария 1896 жылы қыркүйектің 21-інде Миннесота штатында туған, ал Монтанаға 1918 жылы көшіп келген. Ол 50 жылдай уақыт "Грейт нозерн рэйлуэй" теміржол компаниясында жұмыс істеген. Ол кісінің зайыбы Агнес 1957 жылы дүниеден озған. Балалары болмаған.