Жердің оңтүстік жарты шарының тұрғындары күннің толықтай тұтылуын көре алады

None
АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Әлемнің түкпір-түкпірінен біздің планетамыздың Оңтүстік жарты шарының түрлі елдеріне жарқын астрономиялық құбылыс - күннің толықтай тұтылуын көру үшін астрономдар ағылуда.

Мамандардың айтуынша, Солтүстік жарты шарда орын алып қалатын күннің тұтылу оқиғалары әдетте көп қызығушылық туғызады, өйткені бұл жақта елді мекендер мен халық саны көп, ал Оңтүстік жарты шарда негізінен мұхиттар мен теңіздер орналасқан, сондықтан мұнда әлеуетті көрермендер де көп емес, деп хабарлайды CyberSecurity.ru .

Ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, күтіліп отырған күн тұтылу Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Кук аралдарында жергілікті уақыт 20:22-де басталады, оны жергілікті тұрғындар анық бақылай алады. Сонымен қатар тұтылуды Австралияның оңтүстігінде сағат 7:00 де өзінің шыңына жеткенде бақылауға әбден болады.

Австралиялық БАҚ таратқан мәліметтерге сүйенсек, күн тұтылуды көру үшін елдің оңтүстік аймақтарына бес жүзден астам адам келді. Астрономдардың айтуынша, алдағы күн тұтылуы - соңғы 350 жылдағы оңтүстік жартышардағы бірінші күн тұтылу оқиғасы. Оңтүстік жартышардағы келесі күн тұтылу 2012 жылғы қарашаның 14-інде, ал одан кейінгісі тек 2028 жылғы шілдеде болмақ.