Жердің опырылып құлауының салдарынан бір ер адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда өткен жексенбі күні күндіз «Керемет» жеке тұрғын үйінің бірінші қабатында салынып жатқан мейрамханада кәрііздік жұмыстарды атқару кезінде топырақтың опырылып құлауы орын алды,

 деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

 Соның салдарынан үш адам үйіндінің астында қалды: 60 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.

 Төтенше жағдайды жоюға 25 адам және 8 техника бірлігі, соның ішінде

ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД-нің 3 адамы мен 1 техника бірлігі жұмылдырылды.