Жерге алып астероид жақындап келеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 тамыз күні 2006 QQ23 астероиды Жерге дейін 0,049 астрономиялық бірлікке (7,3 миллион км) ғана жетпей, сағатына 16 740 километр жылдамдықпен ұшып өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі НАСА Реактивті қозғалыстар зертханасының Жер маңындағы нысандарды зерттеу орталығына сілтеме жасап.

Жерге жақындап келе жатқан астероидтыңдиаметрі - 570 метр. Бұл, Нью-Йорктегі белгілі Эмпайр-стейт-билдинг (443 метр)мұнарасының биіктігінен де үлкен. Дегенмен, дәл қазіргі уақытта аспан денесі біздіңғаламшарға ешқандай қауіп төндірмейді.

Айта кетейік, Күн жүйесінде үлкендігі біркилометрден асатын 900 жермаңы нысаны бар. Яғни олар көлемі мен салмағы жағынан2006 QQ23 астероидынан әлдеқайда үлкен.

НАСА Жерге жақын ұшып өтетін кометалар менастероидтардың ұшу траекторияларына зерттеу жұмыстарын олар тікелей қауіптөндіріп тұрғандықтан ғана емес, сондай-ақ ол нысандардан болашақта қандайқауіп төнуі мүмкіндігін анықтау үшін өткізеді.

Жалпы, жыл сайын орта есеппен 2006 QQ23 астероидыныңкөлемімен пара-пар алты ғарыш нысаны Жерді маңайлап ұшып өтеді.

Автор: Сара Қабиқызы

Соңғы жаңалықтар