Жерге аспаннан темір-терсек «жаууы» мүмкін

АСТАНА.  Шілденің  28-і.  ҚазАқпарат -  Аспаннан   темір-терсек  «жауса»,  таң қалмаңыз. НАСА  ғарышкерлері    ашық  ғарышқа шыққан  кезде   жоғалтып алған   аспаптардың   сынықтары      Жерге    құлайды.

Ғарыш  кеңістігін   бақылаушы американдық жүйенің   сайтындағы  ақпаратқа сүйенсек,  аспаптар  салынған   дорбаның  қалдықтары    жердің бетіне  бүгін  жетеді,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат   ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

Алғашында темір-терсектер    шілденің 25-інде  «жауады»  деп  күтілген  болатын,  бірақ  ғалымдар   «Х  сағатты»   қайта есептеп шыққан.   Бірақ та, ғалымдар,    аспаптардың     Жердің  қай   нүктесіне   «жауатынын»  айтпаған.