Жерге Челябинск астероидының «сыңары» жақындап келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жерге жақындап келе жатқан құйрықты жұлдыздың ғылыми атауы - 2013 TX68. Бұл аспан денесін зерттеген астрономдар оның 2013 жылы Челябинск қаласының үстіндегі ауа қабатында жанып кеткен астероидқа өте ұқсас екендігін айтуда.

Америкалық ғарыш агенттігінің хабарлауынша, бұл астероид бесінші наурызда Жерден 17 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді. Мамандар мәліметінше, оның диаметрі шамамен 30 шақырымды құрайды.

Ал бұл астероидтың Жермен соқтығысу ықтималдығы өте аз. Сондай-ақ осы аспан денесі келешекте 2046 және 2097 жылдары Жерге жақын ұшып өтеді екен, деп хабарлайды planet-today.ru-ға сілтемемен 24.kz.