Жерге қауіп төндіретін жаңа астероид анықталды

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - NASA NEOWISE инфрақызыл ғарыш телескопы Жерге жақындап келе жатқан алып 2013 YP139 астероидын анықтады.

Оның диаметрі - 643 метр. Ғарыш нысаны жерден 43,5 млн. шақырым жерде орналасқан, деп хабарлады «Телепорт» порталы.

Оның орбиталық қозғалысының сараптамасы, астероидтың Жердің жанынан бар-жоғы 500 мың шақырымдай жерден өтуі ықтимал екендігін көрсетті.

Дегенмен астрономдар алдағы жүз жылда одан келер қауіп жоқ деп отыр.