18:32, 19 Наурыз 2009
Жерге жаһандық қараңғылану қаупі төнеді
ВАШИНГТОН. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат – Годдард NASA Ғарыш институтының директоры, доктор Джеймс Хансен жетекшілік ететін халықаралық зерттеу тобы анықтаған жаһандық қараңғылана бастау – Апокалипсистің суреті емес, жер бетіндегі жарық жүйесінің өзгере бастауынан болып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жер серіктері,телескоптар және метеорологиялық стансылардан алынған талдауларға қарап, астрофизиктер ғаламшардың барлық түкпіріне жететін күн сәулесінің соңғы 30 жыл көлемінде біршама азайғандығы байқалған. Ғалымдар өз жұмысында 3 250 метерологиялық стансыдан алынған көптеген мәліметтерді пайдаланған.1973 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта жердің үстіңгі қабатына таралатын күн энергиясы орташа алғанда 10 пайызға дейін кеміп кеткен. Егер, ауаның ластану көрсеткіші төмен, экологиялық таза аймақтарда күн энергиясының атмосфераға өтуі осыдан 30 жыл бұрынғыдай қалыпта болса, индустриялы аймақтар атап айтқанда, Гонконг немесе Бангкок секілді өңірлердегі шаң-тозаңның соншалықты тығыздығы салдарынан сәуленің атмосферадан өту көрсеткіші үш есеге дейін кеміп кеткен.