Үкімет басшысы аталған отырыста өңірлердің әкімдіктеріне мына мәселелерді пысықтауды тапсырды:
- медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту;
- ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;
- меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;
- жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
- үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегімен);
- халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Еске салсақ, ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралған болатын.
Кеше Президент Қасым-Жомарт ТоқаевҮкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шараларын жариялайды деген еді.