Жергілікті атқарушы органдар борышының 2015 жылға арналған лимиттері туралы Қаулы бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Жергілікті атқарушы органдар борышының 2015 жылға арналған лимиттері туралы Қаулыны бекітті. ҚазАқпарат Қаулының мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №968

2014 жылғы 3 қыркүйек, Астана, Үкімет Үйі

Жергілікті атқарушы органдар борышының 2015 жылға арналған лимиттері туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 210-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2015 жылға арналған лимиттері белгіленсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі №968 қаулысына қосымша

Жергілікті атқарушы органдар борышының 2015 жылға арналған лимиттері

Жергілікті атқарушы орган

Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті, мың теңге

Жергілікті атқарушы органдар борышының жергілікті бюджет кірістеріне пайыздағы қатынасы

1

Ақмола облысы

11 043 183,0

22,6

2

Ақтөбе облысы

13 614 326,0

14,8

3

Алматы облысы

17 342 069,0

13,9

4

Атырау облысы

16 650 073,0

11,5

5

Шығыс Қазақстан облысы

29 235 425,0

33,5

6

Жамбыл облысы

11 616 073,0

29,6

7

Батыс Қазақстан облысы

15 859 804,0

33,9

8

Қарағанды облысы

14 295 763,0

10,6

9

Қостанай облысы

9 669 772,0

17,1

10

Қызылорда облысы

17 412 149,0

45,6

11

Маңғыстау облысы

8 881 454,0

8,6

12

Павлодар облысы

9 915 661,0

12,1

13

Солтүстік Қазақстан облысы

10 190 943,0

34,8

14

Оңтүстік Қазақстан облысы

31 256 028,0

35,6

15

Алматы

15 481 413,0

5,16*

16

Астана

16 162 957,0

10,3*

Ескертпе: * республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының ең жоғары лимиті меншікті кірістер көлемінің 45 %-ынан аспауы тиіс