Жергілікті атқарушы органдар өздерінің қарауындағы төсек орын қорларын тиімді пайдаланып отырған жоқ - С. Қайырбекова

None
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Жергілікті атқарушы органдар өздерінің қарауындағы төсек орын қорларын тиімді пайдаланып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Салидат Қайырбекова айтты.

«Бүгінгі таңда республикада стационарлық қызмет көрсетуге бірегей тарифтер енгізілген. «Ақша патенті бірге жүреді» қағидасы іске асырылу нәтижесінде тек 2012 жылдың өзінде өзге елді мекендерден келген науқастар үшін 21 млрд. теңгеден астам қаржы төленді»,-деді министр.

С. Қайырбекованың атап өтуінше, бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандырады. Жаңа жүйе енгізілгелі 6 мыңдай төсек орны азайтылып, 8,5 мыңдайы басқа бейімге ауыстырылды. Күндізгі ресурс үнемдеуші стационарларда емделіп шыққандардың саны шамамен 3 есеге өсті.

«Дегенменде жергілікті атқарушы органдар өздерінің қарауында қалған төсек орын қорларын тиімді пайдалану бойынша шараларды жеткілікті қабылдап отырған жоқ»,-деді ол.