БАҚ өкілдерінің хабарлағанындай, Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев жақында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің отырысында өткен кездесуді еске ала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл шараға келгеніне өте қуанышты екенін атап өткен. «Біздің жиі кездесіп тұруымыз керек», - деді Қырғызстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев та өз кезегінде бауырлас елге келгеніне қуанышты екендігін жеткізе келе, Қырғызстан тарапының өте жылы қарсы алғанына алғысын білдірді.