Жергілікті билік органдарының есірткімен күрес қызметін бағалау жүйесі енгізілді
13:57, 15 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті жергілікті билік органдарының есірткіге қарсы күрес қызметін бағалау әдістерін әзірлеп бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Комитет таратқан ақпаратқа сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау, ҚР Білім және ғылым, ҚР Байланыс және ақпарат, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрліктерімен бірлесе отырып, жергілікті билік органдарының есірткіге қарсы күрес қызметін бағалау әдістерін бекіту туралы арнайы бұйрыққа қол қойылды. Осы құжат бойынша балалар мен жасөспірімдердің салауатты демалуын ұйымдастыру, есірткіге тәуелді азаматтарды емдеу мен оңалту жұмысын жақсарту, есірткіге қарсы насихатты күшейту, сондай-ақ осы іс-шараларға бөлінетін қаржыны тиімді пайдалану - жергілікті билік органдарының қызметін бағалаудың негізгі талаптары болмақ.