«Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 75 млрд теңгеге артығымен орындалып, 217 млрд теңгені құрады. Асыра орындалу сомасының 68 млрд теңгесі салықтық түсімдерге келеді. Кірістердің жоспары барлық өңірлерде артығымен орындалып отыр. Себебі, жылдың алғашқы айларына, жергілікті бюджеттің кірістері төмен жоспарланған», - деді ол.
Бірінші вице-премьер бұған орта және шағын бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығының жергілікті бюджеттерге түсуі де әсер етіп отырғанын айтты.
«Есепті кезеңде бұл салық бойынша 27 млрд теңге түсті», - деді Әлихан Смайылов.