" Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2016 жылғы 23 ақпанда мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. Округтік сайлау комиссиялары барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына жалпы республика бойына 10825 кандидатты тіркеді. Осылайша, орташа бәсекелестік 1 депутаттық мандатқа 3 үміткерді құрайды", - деді М.Сәрсембаев.
Оның атап өтуінше, кандидаттардың 1592-сі - облыстық мәслихаттарға, 121-і - Астана қаласының мәслихатына, 130-ы - Алматы қаласының мәслихатына тіркелді. Аудандық мәслихаттар депутаттарының мандаттарына 6862 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға - 2120 кандидат үміткер.
"Тіркелген кандидаттардың 3407-і саяси партиялардан, 17-і - қоғамдық бірлестіктерден, ал 7401-і - өзін-өзі ұсынғандар. 2012 жылғы сайлаумен салыстырғанда, тіркелген кандидаттар саны 2016 жылы 1660 адамға көбейді. 2012 жылы 9165, ал 2016 жылы 10825 адамды құрап отыр", - деді ОСК мүшесі.