Бұл мәліметтерді бүгін Орталық сайлау комссиясының кезекті отырысында комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
Оның деректеріне қарағанда, аталған үміткерлердің 17-сі Астананың, 12-сі Алматы қаласы мәслихаттарының депутаты болғылары келеді. Ал аудандық мәслихаттардағы орындардан 1 мың 349 азамат дәмелі. Сондай-ақ 324 азамат облыстық мәслихаттардың депутаттағына ұмтылып отыр. ОСК осы уақытта мәслихат депутаттығына кандидат ретінде 24 азаматты тіркеген.