Жергілікті өңірлерде жерді түгендеу жұмысына жеткілікті көңіл бөлінбей отыр

АСТАНА. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Жергілікті өңірлерде жерді түгендеу жұмысына жеткілікті көңіл бөлінбей отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, жерді түгендеу барысында жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер учаскелері бойынша  түскен өтініштерге сараптау жүргізу туралы ұсыныс жасалған. Өйткені, олардың санына қатысты мәліметтердің нақтылығында күмән болған. «Алайда бұл жұмыс тек  Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен Алматы қалалары бойынша ғана жүзеге асқан», - деді агенттік төрағасы. «Осының өзі жергілікті өңірлерде жерді түгендеу акциясының саясатына жеткілікті түрде көңіл бөлінбей келе жатқанын көрсетеді. Ал бұл шараның басты мақсаты - ел азаматтарын жеке тұрғын үй құрылысына ынталандыру», - деді Қ. Отарбаев.