«Тұжырымдамаға сәйкес өзін-өзі басқаруды дамытудың бірінші кезеңі орындалды деп айтуға болады. Оны қазіргі айтылған баяндамалардан көріп отырмыз. Дегенмен, осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті өзін-өзі басқаруға тұрақты мониторинг пен талдау жүргізуді тапсырамын»,- деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Премьер-Министр еліміздің Қаржы министрлігі ауылдық округтердің бюджетімен жұмыс істеу үшін ақпараттық жүйелердің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша барлық дайындық іс-шараларын аяқтауы қажеттігін баса айтты.
«Дәурен Әскербекұлы (ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Абаев) Тимур Мұратұлының (ҚР Ұлттық экономика министрі Сүлейменов) ұсынысы бойынша тіркелу жұмыстарында халыққа беру жеңілдік мүмкіншілігін қарастыруды сұраймын. Менің ойымша бұл дұрыс ұсыныс және де Тимур Мұратұлы Қырымбек Елеуұлының да (Қызылорда облысының әкімі) ұсыныстарын қараңыздар. Ерболат Асқарбекұлы (Үкімет басшысының орынбасары) бұл мәселе Сіздің бақылауыңызда», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Айта кетейік, Үкімет отырысында жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу мәселелері жөнінде баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ауыл тұрғындарына кейбір қызметтерді жеңілдік шарттарымен рәсімдеуге мүмкіндік беру қажеттігін көтерген болатын.