Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді - министр
«Еліміздің өңірлік дамуына әрбір нақты өңірдің бәсеке артықшылығын ашу жөніндегі шараларды қамтитын жаңа тәсілдер әзірленеді. Бұл үшін 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамудың болжамды схемасына тиісті өзгерістер енгізілмек. Ауылдардағы өзекті инфрақұрылым мәселелерін шешуге бағытталған «Ауыл - ел бесігі» жобасын белсенді іске асыру жалғасады», - деді Руслан Дәленов.
Оның айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру аясында ауыл округтері бюджетінің қаржылық мүмкіндіктері кеңейтіледі.
«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл тұжырымдама аясында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу, жергілікті мемлекеттік басқарудың мүліктік құқықтарын және мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту бойынша ұсыныстар әзірленеді», - деді министр.