«Мәселен, өткен жылы Шаxтинск қаласының кәсіпкерлер құқықтарын қорғау басқармасы бір бизнесменнен сәйкестік туралы куәлікті талап етіп, сауда-саттықты жүргізуге тыйым салды. Кәсіпкерде ондай құжат болған да жоқ. Сонда тексерушілер ондай құжаттың жоқтығын, яғни ол талаптың орындалмайтынын алдын ала біліп, кәсіпкерге 212 000 теңге көлемінде айыппұл салды. Негізі, тексеріс кезінде жаңағы куәлік сұралмауы тиіс», - дейді Бас прокуратураның департамент басшысы Марат Сексембаев.
Бір ғана Қарағанды облысында тексерушілер 203 кәсіпкердің тиісті талапты орындай алмайтынын алдын ала білген.
Оның айтуынша, осы іспетті "заң бұзушылықтарға" қатысты сот шешімдері де әрқилы болып келеді. Бір жерде қатаң шаралар қолданылса, екінші жерде жауапкершіліктен босатып жатады. Мәселен, Ақтөбе қалалық соты сәйкестік куәлігін көрсетпегені үшін бір кәсіпкерге 100 АЕК көлемінде айыппұл салған. Ал тура осы сынды жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық соты істі тоқтатты.
«Сондықтан, біз Жоғарғы сотқа шығып, ондай істерге талдау жасайтын боламыз. Соның негізінде тиісті ұсыныстар жасалады», - деп атап көрсетті Сексембаев кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің бүгінгі отырысында.
Отырыс барысында Бас прокуратура ақылға сыймайтын кейбір тексерістерді жариялады.