Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Толыбаев мәлім етті.
«Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті өзен мен қойма суларын реттеуге жауапты. Біз Сырдария өзені бойындағы жағдайды тікұшақпен бақылаған кезде, менің әріптесім Төтенше жағдайлар вице-министрі Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында кеңестер өткізді. Онда қардың еруінен келетін судың алдын алу мәселесі талқыланды. Бұл жұмысқа Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті әкімдіктер жауапты. Бізге оның ешбір қатысы жоқ», - деп атап көрсетті М.Толыбаев.