«Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет екендігін де баса айтты.
«Кәсіби мамандардың тапшылығы, сонымен қатар аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы - осы саладағы қордаланған мәселелер», - деді Мемлекет басшысы.