Бұл туралы оңтүстікафрикалық SABC телекомпаниясы хабарлады. Оның мәліметінше, жерлеу рәсімін өткізіп, зираттан келе жатқан бір топ адамға жай түскен. Төрт адам оқиға орнында жан тапсырса, тағы екеуі ауруханада көз жұмды. Тағы 6 адамға медициналық көмек көрсетіліп, қазір жағдайлары бірқалыпты деп бағаланып отыр. Телекомпанияның мәліметінше, Оңтүстік Африка Республикасында жылына шамамен 100 адамның өліміне найзағай себеп болатын көрінеді, деп хабаарлайды 24.kz. фото: stdio.vn